Ақпарат

   Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.

Ал жақында ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», — деді. Бүгінде бұл мәселе қоғамда талқы тақырыбына айналды. «Түркістан» газеті жанындағы «Алдаспан» пікірсайыс клубында бас қосқан белгілі тіл ғалымдары мен саясаттанушылар латын әліпбиіне көшудің негізгі тетіктері жайында әңгіме өрбіткен еді. Осы мақсатта Талап негізгі мектебінде жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу — заман талабы» атты  пікір алмасу дөңгелек үстелі өтті. Латын әліпбиі тақтада көрсетіліп оқушыларға таныстырылды. Мектеп оқушылары да Елбасының саясатын бір ауыздан қолдады. 

Ақпарат Ақпарат Ақпарат Ақпарат
02.11.2017
Қараулар: 1066
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет